Қостанайда жолаушылар автобусы тағы бір жолаушыны қағып өлтірді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі зейнеткер әжейді қағып кетті, алынған жарақаттан зейнеткер бақилық болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, зейнеткердің жолда жүру ережесін бұзуы жол-көлік апатының себебі болған - ол бағдаршамда қызыл түс жанып тұрғанда өткен. Оқиға фактісі ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүрді, ал зейнеткер сол уақытта жол ортасынан өтуге әрекеттенді», - деді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. - Соқтығысу салдарынан ол жамбасы сынып, бас-ми жарақатын алды. Зардап шегушіні жедел жәрдем көлігі жансақтау бөліміне апарды, дегенмен әжей көп ұзамай көз жұмды».
Марқұмды туыстары таныды. Медициналық тексеріс жүргізушінің ішімдік ішпегенін көрсетті. Сонымен бірге, ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі (абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын, көлік жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Атап өткен жөн, соңғы кездері бұл Қостанайда жолаушылар автокөлігінен жаяу жүргінші қаза тапқан екінші жол оқиғасы.