Қостанайда жүрген шетелдіктердің 800-ден астамы көші-қон заңнамасын бұзған

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Дүтбаевтың айтуынша, соңғы 5 күнде шетелдік жұмыс күштерін пайдаланатын 41 ұйым және 68 оқу орны тексерілді. «Қазақстанда жүріп-тұру ережелерін бұзғандардың ішінде 11 адам - алыс шетелдердің азаматы. Елге заңсыз кіргені және белгіленген мерзімде ел аумағынан кетуден жалтарғаны үшін 55 шетелдік жауапкершілікке тартылды, олардың 35-і әкімшілік қамауға алынып, ел аумағынан шығарып жіберілді», дейді Қ.Дүтбаев.
Өздері шақыртқан шетелдік азаматтың уақытында тіркелуін қамтамасыз ету шараларын қабылдамаған қазақстандық азаматтар да жазаға тартылды. Ондай 425 адам анықталды. Тағы 150 қазақстандық үйлерінде құжатсыз азаматтарға тұруға жол бергені үшін жауапқа тартылды. «Сондай-ақ шетелдік жұмыс күштерін тарту және пайдалану ережелерін бұзудың 12 факті анықталды. Кінәлі тұлғалар мен кәсіпорындарға айыппұлдар салынды», деп түйіндеді өз сөзін Қ.Дүтбаев.