Қостанайда жүргізуші әйел екі қыз баланы қағып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда рөлдегі келіншек екі қыз баланы көлікпен соғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 жастағы «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі Гоголь көшесінің бойымен келе жатып, Алтынсарин көшесіне бұрылған кезде жаяу келе жатқан 11 және 14 жастағы екі қызды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан қыздар аздап дене жарақатын алды», - делінген хабарламада.
Медициналық сараптама нәтижесі бойынша, көлік жүргізушісінің ішімдік ішпегені, яғни оқиға абайсызда болғаны анықталды. Әйел жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.