Қостанайдағы жатақханаға Ахмет Байтұрсыновқа арнап мурал салынды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанайдағы Allur машинақұрылысы кешені жатақханасының қабырғасына қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновқа арналған мурал салынды.

Посвященный Ахмету Байтурсынову мурал
Фото: Allur зауыты

Зауыттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, муралды салудағы мақсат – қазақтың біртуар ұлының қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесін паш ету, ұлттың жандануы жолында қалдырған ізін таныту, есте сақтау.

«Біз осы арқылы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін еске алып, оның ұлт бірлігін қалыптастыруға қосқан өлшеусіз үлесі үшін құрметімізді білдіргіміз келді. Муралға әйгілі ғалымның «Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» деген сөзі жазылды. Біз суретшілерден ағартушының тек бейнесін ғана салып қоймай, оның рухының биіктігін көрсетуге де күш салуды сұрадық. Бұл өз кезегіне муралдың өміршең, әсерлі болуына ықпал етеді»,-деді кәсіпорын өкілдері.

Бұл бейне жергілікті жатақхананың көркін келтіріп қана қоймай естелік символы, мақтаныш пен құрметтің белгісі болады. Муралды Қостанай қаласы, Промышленная көшесі 40/А мекенжайынан көруге болады.

Посвященный Ахмету Байтурсынову мурал
Фото: Allur зауыты

 

Соңғы жаңалықтар