Қостанайдағы өрт: Бір әйел жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайдағы өрт: Бір әйел жанып кетті

Оқыс оқиға Қостанай қаласында Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.

«30 шаршы метрлік ауқымда үйдің едені, қабырғасы, төбесі отқа оранған. Өртті сөндіру 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды», - делінген хабарламада.

Өрттің нақты себептері анықталу үстінде.

Бұған дейін облыстық ТЖД баспасөз қызметі Сарыкөл ауданында екі балықшының адасып кеткенін хабарлаған болатын.