Қостанайдағы өрт: Жаңа үйлер салынғанға дейін халық қайда тұрады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов өрттен зардап шеккендер жаңа үйлердің құрылысы аяқталғанға дейін қайда тұратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оның мәлімдеуінше, уақытша эвакуцияланған адамдар Әулиекөл ауданындағы жатақханаларға орналастырылады.

«Құрылыс жұмыстары жүргізілетін уақытта адамдардың уақытша тұруы үшін арнайы орындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, олар аудан аумағындағы жатақханаларға ораналастырылады. Қазіргі таңда эвакуацияланған халықтың басым көпшілігі туыстарына кетіп жатыр. Ал барар жері не жақындары жоқ азаматтар жаңа үйлерінің кілтін қолдарына алғанға дейін жатақханаларда болады. Олар 100 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз етіледі», - деп түсіндірді Берік Таңжарықов.

Қоса кетсек, бұған дейін үйі өртенген қостанайлықтарға 500 мың теңгеден алғашқы көмек берілетінін хабарлаған болатынбыз. Мұндай сомадағы қаражат 91 отбасыға ұсынылады.

Сондай-ақ облыста болған алапат өрттен болған мал мен құс шығыны да анықталды.



Видеодан алын ғ ан кадр




Соңғы жаңалықтар