18:08, 03 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Қостанайдағы жол апатына полицейлер кінәлі емес - ІІД
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД баспасөз қызметі жол апатына ұшыраған полицейлерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін 13:00 шамасында Қостанайда полицейлер жол-көлік оқиғасына тап болған еді.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған жол апатының себептерін анықтады.
«Оқиғаға 24 жастағы «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол Набережная көшесінде екінші дәрежелі жолда келе жатып, Әл-Фараби көшесіндегі басты жолдағы полицияның патрульдік машинасына жол бермеген. Апатқа байланысты «Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы» және «Жүргізушінің сақтандыру полюсінің болмауы» баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Екі жүргізуші де ішімдік ішпеген. Ал экипаж қызмет бабымен жүрген.