Қостанайлық ақын Уфадағы ұлттық мәдениеттер фестиваліне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ халық әндерінің орындаушысы, композитор-әнші, ҚР Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы халық аспаптар оркестрінің әртісі Азамат Мұқатов Башқұртстанда өтетін «Бердэмлек - Достастық» халықаралық ұлттық мәдениеттер фестиваліне қатысады.
None
None

«Бердэмлек-Достастық» ұлттық мәдениеттер халықаралық фестивалі биылғы жылы Ресейдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) төрағалығы жоспарына енгізілді. Сонымен бірге мереке 2015 жылғы CIOFF негізгі шаралары күнтізбесіне енгізілген Ресейдегі алты халықаралық фестивальдардың бірі. Соңғы жылдары ол «Ресей мәдениеті» Федералдық мақсатты бағдарламасының ауқымында өткізіліп келеді, деп хабарлады «Уфа-2015» ШЫҰ БРИКС кеңсе-тобы баспасөз қызметі.

Азамат Мұқатов - халықаралық конкурстар мен фестивальдардың лауреаты.

Башқұртстан көрермендеріне Азамат Мұқатовтың есімі жақсы таныс. Әнші Уфаға алғаш рет 2002 жылы түркі жастарының «Урал моно» музыкалық шығармашылығы халықаралық конкурс-фестиваліне қатысу үшін келіп, жүлдегер болды. 2012 және 2014 жылдары осы конкурстың қазылар алқасының мүшесі болды.

«Бердэмлек-Достастық» ұлттық мәдениеттер халықаралық фестиваліне Азамат үнемі қатысып келеді. Ол 2004, 2007, 2011, 2013 жылдардағы лауреат.

Қазақ жерінің тағы бір өкілі - «Нәзік» фольклорлық-этнографиялық ансамблі де осы фестивальға жолдама алды. Ансамбльдің құрамында - вокальді-аспаптық орындаушылар ғана, ал басты реквизиттері - ежелгі музыкалық аспаптар. Топ репертуарында - классиктердің бұрын ұмтылып, көп естіле бермейтін композициялары - күйлер мен әндер жаңа ырғақпен орындалады.

Соңғы жаңалықтар