Қостанайлық балалардың мектепке баруына көмектесетін акция өтеді

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында «Мектепке барар жол» деп аталатын аймақтық жыл сайынғы қайырымдылық акциясы басталады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілденің 15-і мен қыркүйектің 15-і аралығында өтетін акцияның ұйымдастырушылары - әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия және білім беру және әлеуметтік қорғау органдары. Осы кезең ішінде жетім балаларға, ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға нақтылы атаулы көмек көрсетілетін болады.

Оның мақсаты - мұқтаж балаларды оқулықтармен, мектеп киімімен және басқа да оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

Өткен жылы осындай акция нәтижесінде он мыңға тарта оқушыға көмек көрсетілген болатын.

Соңғы жаңалықтар