Қостанайлық кәсіпкерлер консалтинг негіздерін үйренуде
Өндірістік кәсіпорындардың өкілдері консалтинг деген не, консультанттарды не үшін жалдау қажет, сондай-ақ Еуропалық қайта құру даму банкінің BAS Бағдарламасы бойынша консалтингтік қызметтерді төлеуге қайтарымсыз грантты қалай алуға болады деген сұрақтарына жауап алды.
«Біз мұндай шаралар қажет екеніне сенімдіміз, өйткені олар кәсіпкерлеріміздің бизнесті жүргізудің заманауи әдістерін үйренуіне мүмкіндік береді», - деді Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Мейрам Өтешев.
BAS Бағдарламасы өкілдігінің директоры Татьяна Решетник бұл шара Қостанай облысы өндірістік кәсіпорындары үшін алғашқы салалық семинар екенін атап өтті. «2010 жылдың соңына дейін біз ауыл шаруашылығы, сауда, фармацевтика, қызмет көрсету саласы мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін бірқатар салалық семинарлар өткізбекпіз», - деді ол.
Семинардың жұмсына консалтингтік компаниялардың және Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері қатысты.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы BAS Бағдарламасы шағын және орта бизнеске гранттық қолдау көрсетеді, кәсіпорындардың консалтингтік жобаларды жүзеге асыруына жәрдемдеседі.