Қостанайлық көлік жүргізушілер республикалық флешмобқа үн қосты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлықтар өңірлердегі жаңажылдық автофлешмобқа қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық көлік жүргізушілер республикалық флешмобқа үн қосты




Қостанайлық көлік жүргізушілер республикалық флешмоб туралы әлеуметтік желілерден көрген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа жылдық флешмобқа барлығы 40 шақты көлік қатысқан.

"Инстаграм желісіндегі флешмобты қолдауға ниет білдірдік. Осылайша, өз көліктерімізбен қаладағы үлкен шыршаны "құрастырдық", - дейді флешмоб қатысушысы Дулат Қабатайұлы.

 Еске сала кетейік, биыл мұндай қызықты  флешмобты елдің бірнеше қаласында ұйымдастырды.