Қостанайлық құқық қорғаушылар пенитенциарлық жүйе мекемелерін аралауда

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның Қостанай филиалының қызметкерлері жергілікті тергеу абақтылары мен қатаң режимдегі колонияны аралап шықты.
None
None

Олар Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес «Қазақстан Республикасында сотталғандарды оңалту бағдарламасын жасау және пенитенциарлық жүйенің жұмысын қоғамдық бақылау» жобасының аясында интерактивті сабақтар өткізді.

Филиал директорының орынбасары Анастасия Миллер ханымның айтуынша, аталмыш жобаның мақсаты - ұлттық заңнамаға талдау жүргізу, халықаралық және ұлттық құқыққорғаушы ұйымдармен ынтымақтастық орнату арқылы адам құқықтарын сақтау ісінде мемлекетке, оның ішінде әлеуметтік, пенитенциарлық мекемелерде қолдау көрсету болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру барысында сондай-ақ, түрмелерде жазаларын өтеп жатқан азаматтардың пікірлері, мүдделері мен әлеуметтік мақсаттары зерделенуде.

Соңғы жаңалықтар