Қостанайлық полицейлер қоғам өкілдерінің алдында сынақ тапсырады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полицейлері қоғам өкілдерінің алдында аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл бастаманы Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы мониторинг тобының мүшелері көтеріп, полицейлерге ұсынды. Тәртіп сақшылары жауынгерлік қаруды қолдану, дене шынықтыру, құқық қорғау қызметі туралы заңның негізгі нормалары мен қағидалары бойынша сынақты қоғам өкілдерінің алдында тапсырады. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар бар.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттау процесіне қатысу осы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тәртіп сақшыларының дайындығы жүйелі әрі мығым болуы тиіс. Біз тек соған көз жеткізіміз келеді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы мониторинг тобының мүшесі Алдан Менкеев.

Полиция қызметкерлерін аттестаттау кезеңі 2020 жылдың сәуір, мамыр айларына белгіленген.


Соңғы жаңалықтар