20:09, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Қостанайлық полицияның автопаркі жаңа 20 автокөлікпен толықты
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанайлық полицейлерге «УАЗ» маркалы арнайы жабдықталған 20 мәшине берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Елена Кашаринаның айтуынша, жаңа автомобильдер полицейлердің техникалық жарақтануын нығайтады және қылмысқа және құқық бұзушылыққа барынша шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. «Он бес машина қаланың жеке патрульдік полиция батальонының бөлімшесіне қызмет көрсетуге жіберіледі, ? деді Е.Кашарина. ? Үш автокөлік Ұзынкөл, Қостанай және Амангелді аудандарындағы браконьерлердің ізін кесуге көмектесетін болады. Тағы екі «УАЗ» уақытша оқшаулау абақтысына берілді. Олар Наурызым және Қамысты аудандық ішкі істер бөлімінің бөлімшелерін нығайтатын болады».Автокөліктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.