18:06, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Қостанайлық шенеуніктер мемлекеттік тілде іс жүргізуге оқытылуда
ҚОСТАНАЙ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда «Мемлекеттік тілде іс жүргізу және электронды құжат айналымы» семинары басталды.
Семинарды ұйымдастырып отырған Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығында хабарлағандай, семинар бес күнге созылады.
Тренинг барысында білікті мамандар іс жүргізумен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Орталықтың басшысы Любовь Сложеникина атап өткендей, «басты назар іс жүргізуде қажетті білім мен қабілеттерді дамытуға, қызметтік құжаттардың айналымына бақылау жасау, тіркеу біліктіліктерін бекітуге аударылып отыр. Тыңдаушыларды «Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі» бағдарламасы бойынша, азаматтардың арыздары бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру, заңды және жеке тұлғалардың арыздарын бірыңғай тіркеу автоматтандырылған жүйесін пайдалануға оқытады».