Қостанайлық соғыс ардагерінің жамбасынан 73 жыл сақталған оқ алынды

18 жасында Балтабай Қазиев Амангелді ауылынан майданға шақырылды. Автоматшы болған ол көбінесе Украинадағы ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 6 қарашасында Киевтің азат етілгендігін әлі күнге дейін қуанышпен еске алады. Азапты басқыншылық аяқталды, 778 күн ішінде Гитлер әскері жүз мыңдаған қала тұрғындарын атып, асып, газ камераларында тұншықтырып өлтірді.
Балтабай Қазиев - Қызыл жұлдыз және «Жауынгерлік ерлігі үшін», 1944 жылы «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Алайда бұл уақытта ол ауруханада жатты. Жақ сүйегі жарақаттанғандықтан сөйлесе алмады, қолдары қимылдамады. Дәрігерлер үш жыл бойы алысып, ақыры «мүмкіндігі жоқтар» оқшаулағышына ауыстырды. Алайда ол аман қалып, 1947 жылдың соңында ауруханадан шықты. Үйіне ІІ топтағы мүгедек болып оралғанымен, білім алып, колхоз төрағасы, Қамысты және Қарасу аудандарының бас зоотехнигі болып қызмет атқарды.
«Тұтас өмірім өтті, кенеттен бойымдағы оқ біліне бастады, - дейді майдангер.
Майдан дәрігерлері кезінде жеті оқтың біреуін ала алмаған. Неше оқтың алынғандығын ардагердің денесіндегі, білегіндегі, иегіндегі, іші мен аяғындағы тыртықтардан санап білуге болады. Оның жамбасында қалып қойған оқ ірің ауруына ұласқан. Ота Астанада жасалып, елорда дәрігерлерін таңқалдырған ол үйіне алғыс арқалап оралды. Ардагер емін Қостанай қалалық емханасында жалғастырып, сондағы дәрігерлердің бақылауына алынды. Бойында 73 жыл бойы сақталған оқты хирург дәрігерлер Балтабай Қазиевке естелікке берді.