Қостанайлық тұрғын ерлігі үшін ішкі істер департаментінен алғыс алды

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдың тұрғыны Максим Куликов облыстық ішкі істер департаментінің басшылығынан алғыс алды. Жиырма сегіз жасар қостанайлық қауіпті қылмыскерді ұстады.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің басқарма бастығы Елена Кашаринаның хабарлауынша, облыс орталығының 48 жасар тұрғыны М.Куликовтың әйеліне пышақпен шабуыл жасайды және оның сөмкесін тартып алады. Әйел аман-есен сытылып шығып, үйіне келіп оқиғаны күйеуіне айтады. Ол полицияға телефондап, өзі қаскөйді іздеуге шығады.

М.Куликов қылмыскерді қуып жетіп ұстап, полицейлік патрульге тапсырады.

Соңғы жаңалықтар