12:59, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Қостанайлық учаскелік инспектор тұтқындалды
ҚОСТАНАЙ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдың Северный полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы пара беруге итермелеуге қатысты қылмыстық істі тергеу барысында тұтқындалды.
Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Гүлмира Жұмабекованың айтуынша, инпектор жеке куәлік пен тіркеусіз қалада тұрып жатқан Қостанай тұрғынынан пара талап еткен. Ол аталмыш азаматшадан 7 мың теңге көлемінде пара алу кезінде құрықталды.