Қостанайлықтар Байтұрсынұлының ескерткішіндегі тақтайшадан қате тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы көрнекті орындарға орнатыла бастаған QR кодтардағы қателіктер қала тұрғындарының наразылығын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қостанай таңы» газетіне сілтеме жасап.

QR-код бейнеленген тақтайшадағы мемлекеттік тілдегі мәтін қате жазылыпты. Соны біле тұра үнсіз қалуды ар санадық. Қазақ әліпбиінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне қате жазу ілінбесе керек» -деп жазады облыстық газет.

Тақтайшада кездескен қателіктер әлеуметтік желілерде жан-жақты талқыланып жатыр.

«Күні кеше орнатылған электрондық ақпар беретін тақтадағы мемлекеттік тілдегі жазуларға қарап шошыдық. Осыны орнатып жатқанда бір сауатты адам табылмады ма?», «Қателерді қаладағы мемлекеттік мекемелердің атаулары жазылған маңдайшасынан да көруге болады. Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасында «төтенше жағдайлар» деген сөз «Жағдайлар» деп біраз уақыт тұрып, сынға іліккенде барып дұрыстаған болатын», - деп жазады тұрғындар.

Мамандардың айтуынша облыс орталығындағы жарнама агенттіктерінде сауатты аудармашылар жоқтың қасы. Сондықтан, қателер әр қадам сайын кездеседі.

«Оның үстіне осы агенттіктерде аудармашы қызметімен дизайнерлер айналысады. Олар болса мемлекеттік тілді мүлдем білмейді. Осыдан барып, қазақ тіліндегі жазуларда қате көп кетеді», - дейді Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Жарасқан Наурызбаев.

Ескерткіштерде орнатылған QR кодтардағы қателіктер туралы әкімдік өкілі жауап берді.

«Бұл жоба биылғы маусым айында облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған әлеуметтік идеялармен жобалардың жәрмеңкесінде жеңіске жеткен. Сондықтан тақтайшадағы ақпар беретін жазуларға тікелей біз жауаптымыз. Жуық арада QR кодтардағы мемлекеттік тілдегі жазуларды дұрыстап, қайта ілеміз», - деді Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы Абылайхан Кәкенов.

null

Соңғы жаңалықтар