Костенко шахтасындағы апат: кеншілер қанша жалақы алған

Костенко шахтасындағы апаттан қайтыс болған кеншілер қанша жалақы алған? Аталған сұраққа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.

Жалақы
Фото: Kazinform

«Апаттан қайтыс болған кеншілердің табысы туралы деректер отбасының сандық картасы арқылы тексерілді. Олардың жалақысы 300 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейін болған. Өйткені олардың арасында жас кеншілер де бар. Сондықтан жалақы көлемі бойынша айырмашылық бар. Сонымен қатар жалақы көлемі жұмысшының біліктілігі мен функционалдығына байланысты», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Тамара Дүйсеновадан «Апатты жағдайдан кейін кеншілердің жалақысы өсе ме? деп сұрады.

«Бұл мәселе жыл сайын қаралады. Жалақыдан бөлек, ұжымдық шартта олардың жұмыс көлемін орындағаны үшін қосымша төлемдер қарастырылған. Алдыңғы жылдары инфляция деңгейінде, содан кейін өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырылды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар