Костенко шахтасындағы ТЖ: Жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткен
Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткен. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директорының орынбасары Геннадий Силинский өңірлік брифингіде айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жарылыс толқыны 2 шақырым болды. Бұл шахтада тексеру 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық табылған. Негізгі бұзушылық – газ мөлшерін бақылаудың сапасыздығы. Осы тұрғыда тиісті бақылау болмаған», - деді Геннадий Силинский.
Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болып, 33 кенші қаза тапты.
Мемлекет басшысы кеншілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.