«Ковалев-Альварес» андеркарды: Жәнібектің қарсыласы кім екені белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1КО) келесі жекпе-жегінде қарсыласы кім болатыны анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Қазақстандық спортшы бұған дейін 2 ақпан күні Американың Фриско қаласында (Техас, АҚШ) Сергей Ковалев пен Элейдер Альварес реваншының андеркардында жекпе-жек өткізетінін хабарлаған болатын. 

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Жәнібектің бесінші жекпе-жегінде оның қарсыласы АҚШ өкілі,  The Hitman (жалдамалы кісі өлтіруші) аталып кеткен боксшы Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) болады.

Еске сала кетейік, қараша айында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте төртінші жекпе-жегін өткізіп, онда қарсыласы болған америкалық боксшы Александр Вонды жеңген. 

Соңғы жаңалықтар