Қой баққан маймыл - ВИДЕО/ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда қойшыға маймыл қой бағуға көмектеседі. Маймыл басқа жаққа бет алған қой-ешкілердің арқасына мініп алып, өріске қарай айдайды. Мани есімді бұл көмекші маймыл жүзге жуық ешкілерді еш қиындықсыз бағуда. Маймыл ешкілердің әр қимылын жіті бақылап, отардан қашқандарын құлағынан тартып топқа қосып отырады.
None
None

Ал ешкілер болса бұған еттері үйреніп кетсе керек, ұзын құйрықты бақташыларының айтқанын орындап нұсқаған бағытына қарай жүреді.

Керала штатының тұрғыны шаруа П. Дж. Мартин бұл маймылды кішкентай кезінде орман ішінен тауып алған екен. Ал қазір Мани оның көмекшісіне айналды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар