«Қойыңдар, өлтіресіңдер дедім»: Шерзат ісі бойынша сотта Талғар тұрғыны куәлік берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр. 

«Қойыңдар, өлтіресіңдер дедім»: Шерзат ісі бойынша сотта Талғар тұрғыны куәлік берді
Фото: Видеодан алынған скрин

Сотқа «Қамажай» дүкеніне қарама-қарсы орналасқан көпқабатты үйде тұратын тұрғын Сәкен Әкежанов куәгер ретінде шақырылды. Ол оқиға туралы көргенін баяндады.

— Мен ұйықтап жатқанмын. Екі тарс еткен дыбыс естілді. Мен мотокцикл деп ойладым. Сосын әйелдің даусын естідім. «Скорый» шақырыңдар дегендей болды. Балконға шықсам, он шақты жігіт жүгіріп бара жатыр. Бір жігітті тепкіледі. Мен «қойыңдар, өлтіресіңдер ғой» деп айқайладым, — деді куәгер Сәкен Әкежанов.

Сотталушылардың қорғаушылары куәгердің тергеу кезіндегі жауабына сілтеме жасап, сол тұсын нақтылауды сұрады.

«Бір адам келіп отырды. Сосын әйел адам келді. Содан кейін бір топ адам келді, оның қолынан мылтықты тартып алды» деп жазғансыз. Осындай жауап бар деді адвокат.

— Қолынан алды ма, жерден алды ма түсінбей қалдым. Бір затты алды да, сол затпен басынан ұрды, — деп нақтылады куәгер.

Бұрын сотта Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі бейнежазбасы көрсетілді.

Сонымен қатар оқиға орнына алғаш барған полицейлер куәлік берді.

Оған дейін сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді.

Екінші куәгер қыз Дана Жақсыгелді оқиға туралы баяндады.

Сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді.

Еске салайық, прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады

Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды

Соңғы жаңалықтар