Қоймадағы өрт толықтай сөндірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоймадағы қызыл жалын ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі Алматы қалалық ТЖД сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт толықтай саағат 14:49-да сөндірілді.
Жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бүгін таңертең қойма өртенген болатын.
Өртпен күреске Алматы қаласының 67 қызметкері мен 27 бірлік өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру құрылғысы бар тікұшақ тартылды.
Өрт сөндірушілерге «Алматы су» мекемесі де көмекке келді. Олар үш гидрант арқылы су шашып жатыр.