Қойшығара Салғараұлы әлем өркениеті қазақ жерінен тарағанын дәлелдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат- Бүгін елордадағы Ұлттық музейде жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлының «Жер жаһанда арғыатаңның ізі бар» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бұл кітаптың өзегі ешбір адамзат баласы айтпаған, бүгінгі күнге дейін ешбір тарихшы қозғамаған тың тақырып. Өйткені, ресми тарих түркі халықтарын 6-ғасырда пайда болған десе, мен адамзат баласы жаратылғаннан бар халық деймін. Ресми тарих көшпелілердің барлығын жабайылар десе, мен адамзат өркениетінің ошағына алғашқы от жаққан көшпелілер деймін», - деп атап өтті автор.

Оның пайымынша, көшпелілер болмаған күнде де бүгінгі біздің ресми тарих мойындап отырған адамзаттың ежелгі өркениетінің барлығы көшпелілер мен отырықшы елдердің, яғни, көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің түйіскен жерінен шыққан.

«Месопатамиядағы шумерлер мәдениетін, Африкадағы гипсостар жасаған мәдениетті, бүкіл Еуропа халықтарының мәдениетінің негізі Рим десек, сол Рим мәдениетінің негізін қалаған етрускилерді, кешегі парсы-үндідегі арийлерді алатын болсақ, осылардың барлығы Қазақстан даласынан кеткен көшпелілердің жасауымен әлемге әйгілі өркениеттер болып қалыптасқан. Сондықтан бұл кітапта Африка мен Американың, Еуропаның, Азияның, Тибеттің, Қытайдың тіпті, осыдан 12 мың жыл бұрын Атлант мұхитының астына кеткен атланттардың да, Тынық мұхитының астында қалған 64 млн. халқы бар мұғырлықтар да түркі халықтары деп дәлелдеймін», - деді Салғараұлы.

Қаламгердің атап өтуінше, еңбек ғылыми және тарихи негіздерге сүйене отырып, яғни, ескі храмдардағы, ежелгі қыш тақташалардағы символдық жазумен бейнеленген деректер негізінде дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар