Көздің мөлдір қабығын ауыстыру бойынша ота енді Қазақстанда жасалмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі офтальмолог Мәдина Құралованың «Центр зрения» амбулаториялық көз микрохирургиясы орталығы ашылды. Орталықта көз ауруларын емдеудің ең жаңа инновациялық технологиялары қолданылатын болады. Атап айтқанда, көздің мөлдір нұрлы қабығын ауыстыру бойынша да оталар жасалатын болады.

Мамандардың айтуынша, көбіне глаукома, катаракта дертіне шалдыққан науқастарға нұрлы қабықты ауыстыруға кеңес беріледі.

Қазақстанда бүгінде 7-8 мың адам мұндай отаға мұқтаж.

«Аталған орталықтың ашылуы қазақстандықтар үшін үлкен оқиға. Олар шетелге шықпай өз елінде көзінің көру жітілігін жақсарта алады. Сондай-ақ қазір Қазақстанда нұрлы қабықты трансплантациялау бойынша операция жасалмайды. Өйткені Қазақстанда көз қабығын сақтайтын банк жоқ. Оны біз Ресейден Мәскеуден алдыратын боламыз. Осы бағытта ресейлік әріптестерімізбен ынтымақтастық орнатып жатырмыз», - деді «Центр зрения» амбулаториялық көз микрохирургиясы орталығының директоры Мәдина Нұр-Мұхаммед.

«Біздің басты әлеуметтік мақсатымыз көзінің нұрлы қабығы емдеуге келмейтін адамдарға қайтадан жарық сыйлау. Осы мақсатта Ресейде көздің нұрлы қабығын жасап сақтауға бағытталған банк ашылды. Біз қазақстандық науқастарды да қамтуға тырысамыз. Мұндай жұмыс кейін болашақта Қазақстанда да жасала бастайды. Мұнда нұрлы қабықты алып, оны сақтаудың тәртібін ұйымдастырып, жергілікті ұлттық банк ашамыз», - деді Nano Vision компаниясының бас директоры Антон Архипов.

Сарапшының баяндауынша, мұндай банкті ашуға 1 млн еуро инвестиция қажет. Қабық өңделетін бөлменің тазалығы ота жасайтын бөлменің тазалығынан он есе артық болу керек. Әрі өңдейтін аппараттар, зертханалық құрылғылар қымбат.

Соңғы жаңалықтар
telegram