Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 14-15 мамыр күндері уақытша жабылады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Халықаралық саммитке байланысты Түркістан қаласындағы бірқатар мәдени нысандардың жұмысына уақытша шектеу енгізіледі.

Ясауи мұрасын дамытуға арналған 3 жылдық жоспар бекітілді
Фото: Ақорда

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің өтуіне байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музей-қорыққа қарасты барлық музейлер 14-15 мамыр күндері келушілер үшін жабық болады.

Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы әкімшілігінің мәліметінше, аталған күндері «Тикетон» және «Давай сходим» платформалары арқылы онлайн билет сатып алуға да уақытша шектеу енгізілген.

– Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, тарихи жиын қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осы мақсатта Шымкент қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан патрульдік полиция қызметкерлері арнайы шақыртылған