Козловтың меншігіндегі үш қымбат бағалы автокөлік, 11 пәтер, 5 үй-жай, 2 жер учаскесі тәркіленуге жатады - Бас прокуратура

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Козловтың меншігіндегі үш қымбат бағалы автокөлік, Алматы қаласындағы және Қазақстанның түгелдей дерлік облыс орталықтары мен бірқатар қалаларында орналасқан 11 пәтер, 5 үй-жай, 2 жер учаскесі, бір гараж тәркіленуге жатады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті

Ал оның сыбайластары деп танылған Серік Сапарғалиға 4 жылға, Ақжанат Әминовқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде тағайындалды. 

"Алдын ала тергеу және сот талқылауы көрсеткеніндей, тіркелмеген "Алға" партиясының басшысы Козловтың және басқалардың жұмыстан босатылған мұнайшыларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қатаң қарсылық көрсетуге итермелеу жөніндегі белсенді әрекеттері Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге себеп болып табылған. Козловтың тапсырмасы бойынша жұмыстан босатылғандар арасында таратылған сотталушылардың үндеулері мен әңгімелерінен сарапшылар әлеуметтік араздықты қоздыру, мемлекетті күштеп құлатуға шақырулар белгілерін анықтады" - дейді ол. Сот тараптардың істерін жан-жақты қарауда олардың тең құқылығы принциптері сақталған. Әминов пен Сапарғали кінәларын мойындаған. Сот үкімі күшіне енген жоқ және оған тараптар сотта аппеляциялық тәртіпте шағым келтІруге құқылы.

Соңғы жаңалықтар