ҚПЛ-2024: «Қайрат» сырт алаңда «Тұранмен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 7 наурызда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында тағы екі ойын өтеді.

Бүгін бірінші ойында елордалық «Жеңіс» командасы қарағандылық «Шахтермен» кім мықтыны анықтайды.
Кездесу Павлодар қаласында өткізіледі деп жоспарланған. Өйткені елордадағы «Астана-арена» стадионы жөндеуге жабылуына байланысты аталған команда өз алаңындағы ойындарын басқа қалада өткізуге мәжбүр.
17.00-дегі екінші ойында «Тұран» (Түркістан) мен «Қайрат» (Алматы) шеберлік байқасады. Бұл ойында да Түркістанда емес, Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпсов атындағы стадионда болады.
Айта кетсек, бүгін өз алаңында Қызылорданың «Қайсары» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:3 есебімен есе жіберсе, «Атырау» мен «Ордабасы» 1:1 есебіне қанағат білдірді. Ал, қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Елімайдан» 4:2 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ 5 наурызда «Астана» командасы «Жетісуді» 2:0 есебімен жеңген еді.
Турнир кестесінде «Тобыл» мен «Астана» 6 ұпаймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.