ҚПЛ-2024: «Ордабасы» мен «Атырау» тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында шымкенттік «Ордабасы» «Атыраумен» тең түсіп қалды.
Бірінші кезеңде командалар гол соғатын бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды.
Екінші кезеңде «Атырау» сапынан Олжас Керімжанов 66-минутта өз қақпасына гол соғып алса, 95-минутта Ерсұлтан Қалдыбеков таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, бүгін өз алаңында Қызылорданың «Қайсары» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:3 есебімен есе жіберді.
Дәл қазір Қостанайда жергілікті «Тобыл» мен Семейдің «Елімай» клубымен кездесіп жатыр. Әзірге 1:0 есебімен семейлік клуб алда келеді.
Енді 7 наурыздa «Жеңіс» (Астана) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Тұран» (Түркістан) мен «Қайрат» (Алматы) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 5 наурызда «Астана» «Жетісудан» 2:0 есебімен басым түсті.