ҚПЛ: «Ақтөбе» өз алаңында «Жеңістен»жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХІХ турының екінші ойын күні аяқталды.

Бұл күні аталған турдағы үш ойын өткізілді. Жанкүйерлер күтпеген нәтижелер тіркелді.
Турнир кестесінде үздік үштіктен көрінуді алдына мақсат еткен «Ақтөбе» ойламаған жерден өз алаңында елордалық «Жеңіс» командасына 0:2 есебімен жол берді.
Ал турнир кестесінде көш соңында келе жатқан «Атырау» бұл жолы сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» командасымен 2:2 есебімен тең түссе, Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында түркістандық «Тұранды» 1:0 есебімен жеңді.
Аталған турдағы «Астана» мен «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Бұл шешім елордалық клубтың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр.
Айта кетсек, 2 тамызда «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Елімай» (Семей) 1:1 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ сырт алаңда Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 2:0, алматылық «Қайрат» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» 1:0 есебімен қапы қалдырды.
Енді алдағы тур ойындары 9 және 10 тамыз күндері өткізіледі.