ҚПЛ: «Ақтөбе» төртінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІ турында тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды.

ҚПЛ: «Ақтөбе» төртінші орынға көтерілді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Бұл турды «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары түйіндеді.

Кездесу барысында ақтөбелік клуб тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Команда құрамына жазғы маусымда қосылған қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначевтің белсенділігі байқалып тұрды. Ол алдымен 36-минутта мергендік танытса, одан кейін 52-минутта тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеді.

Ойынның 87-минутында «Жетісу» сапынан Жансұлтан Мұхаметханов пенальтиден мүлт кетпесе, 90-минутта ақтөбелік клубтан Уче Агбо басымдықты арттырды. 

Ал 95-минутта талдықорғандық футболшы Сұлтан Асқаров соққан гол кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 39 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

Атлған турда, бүгін, 24 тамызда жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен сүріндірді.

Аталған турдағы «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Қайрат» (Алматы) кездесуі 31 тамызға шегерілді. Бұл шешім алматылық клубтың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр.

Аталған турдағы «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Қайрат» (Алматы) кездесуі 31 тамызға шегерілді. Бұл шешім алматылық клубтың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр.

Енді 23 тур ойындары 13 және 14 қыркүйек күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар