ҚПЛ: Әлібек Қасымның голы «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 8-турында «Ақтөбе» семейлік «Елімайды» жеңді.

ҚПЛ: Әлібек Қасымның голы «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады 
Фото: kazfootball.kz

Турнир кестесінде қатарлас келе жатқан командалар тартысты ойын өткізді. Жанкүйерлер аталған кездесуге ерекше қызуғышылық туғызды. Оған қоса семейлік клубтың бас бапкері Андрей Карпович 2022-2023 жылдарда ақтөбелік клубқа жетекшілік жасаған еді. 

Ойынның 55-минутында Әлібек Қасым соққан гол «Ақтөбе» командасына жеңіс алып келді.
Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 14 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, бүгін көкшетаулық «Оқжетпес» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 3:1 есебімен сүріндірсе, өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 5:0 есебімен тізе бүктірді

Кеше, 10 мамырда елордалық «Астана» өз алаңында қостанайлық «Тобылға» 1:3 есебімен есе жіберді. 

Аталған турда петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытау» клубын 2:1, түркістандық «Тұран» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар