ҚПЛ: Алғашқы үш ойында бірдей есеп тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі және жексенбі күндері футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 10-тур ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін үш ойын мәресіне жетті. Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-арена» стадионында Қарағандының «Шахтері» Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады.

Естеріңізге сала кетелік, Қарағанды қаласындағы стадион ойын өткізуге дайын емес. Сондықтан «Шахтер» өз алаңындағы кездесулерді елордада өткізуге мәжбүр. Бүгінгі кездесуде қарағандылық клуб алғаш болып есеп ашты. Ойынның 2-минутында Жан Али Пайруз өз командасын алға шығарды. Ал 86-минутта Иван Пешич қорытынды есепті белгіледі. «Шахтер» «Жетісуды» 2:0 есебімен жеңіп кетті.

Сондай-ақ, кеше «Астана» сырт алаңда «Тараздан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл ойында тараздықтар қатарынан Серж Ньюадзи 48, Элгуджа Лобжанидзе 79-минуттарда гол соқты. Осылайша «Тараз» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Павлодардың «Ертісі» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл кездесуде шымкенттік Тоқтар Жаңғылышбай 42, Пауло Жоао 58-минутта мергендік танытты.

Осылайша алғашқы үш кездесуде бірдей есеп тіркелді.

Бүгін тағы үш кездесу өтеді. Сағат 18.00-де Қызылордада «Қайсар» Қостанайдың «Тобылын» қабылдаса, 19.00-де «Ақтөбе» «Оқжетпеспен», «Атырау» «Қайратпен» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар