ҚПЛ: «Астана» «Қызылжардың» осал тұсын тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші турында «Астана» «Қызылжарды» жеңді.

ҚПЛ: «Астана» «Қызылжардың» осал тұсын тапты
Фото: Александр Павский/Kazinform

Өтекен турда елордалық клуб алматылық «Қайратпен» тең ойнаған еді. Сондықтан бүгінгі кездесуде жанкүйерлер олардан тек қанаға жеңіс күткені анық.

Кездесу барысында «Астана» бірден ойын тізгінін қолға алды. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Елордалық клубтың шабуылшысы Джеффри Чинеду 11-минутта есеп ашса, Грипши Назми 42-минутта есепті үстемеледі.

Астаналық команда бүгінгі ойында қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Қазір олар төрт ұпаймен екінші орында тұр.

Сондай-ақ алғашқы ойын күні, 8 наурызда «Оқжетпес» «Атыраудан», «Ақтөбе» «Тұраннан» 2:1, «Қайрат» «Ордабасыдан» 4:0, «Елімай» «Қайсардан» 2:0 есебімен басым түссе, «Жеңіс» «Тобыл», «Жетісу» мен «Ұлытау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турды бүгін, 9 наурызда сағат 19:00–де «Қызылжар» (Астана) мен «Астана» кездеуі түйіндейді.

Ал үшінші тур ойындары 29 және 30 наурыз күндеріне белгіленген.

Соңғы жаңалықтар