ҚПЛ: «Aстана» мен «Қайрат» алғашқы турда тең тарқасты

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) І тур ойындары жалғасын тапты. 

ҚПЛ: «Aстана» мен «Қайрат» тең тарқасты
Фото: Астана ФК

Елордалық «Aстана» футбол клубы өз алаңында алматылық «Қайрат» футбол командасын қабылдады.

Бірнші таймда қарсыластарда гол соғуға мүмкіндіктер болды. Ойынның 42-минутында елордалық команданың шабуылшысы Марин Томасовтың алыстан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады.

Екінші таймда «Қайрат» шабуылды күшейтті. Ұрымтал сәттердің бірінде алматылық команданың жас ойыншысы Дастан Сәтпаев гол соғып, 66-минутта таразы басын теңестірді. Осылайша, қос клуб ел біріншілігіндегі алғашқы ойындарын тең нәтижемен аяқтады. 

Айта кетерлігі, екі команда бұған дейін өткен маусымда Алматыда кездесіп, ол ойында астаналықтардың мерейі үстем болған еді.

Сондай-ақ «Астана» клубы өткен маусымда алғаш рет Лига кубогының чемпионы, ал «Қайрат» Қазақстан Премьер лигасының жеңімпазы атанды. 

Соңғы жаңалықтар