ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде екінші тур ойындары өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші туры басталады.

Екінші тур 8 және 9 наурыз күндеріне белгіленген. 8 наурызда төрт ойын өткізілсе, 9 наурызға үш кездесу белгіленген.
Доп додасының шымылдығын бүгін, 8 наурызда 15.00-дe көкшетаулық «Оқжетпес» мен «Атырау» командалары ашады.
Осы күні 16.00-де «Жеңіс» (Астана) мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ұлытау» (Жезқазған) ойнайды.
Аталған турдағы басты ойынның бірі - «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі сағат 18:00-ге белгіленген.
Жылма-жыл ел біріншілігінде жүлделі орындарға таласып жүрген қос клуб биыл қалай ойын көрсетеді? Матч барысында соны бағамдай аламыз.
Ал 9 наурызда 15:00-де «Ақтөбе» мен «Тұран» (Түркістан), 17:00-де «Елімай» (Семей) мен «Қайсар» (Қызылорда), 19:00-де «Қызылжар» (Астана) мен «Астана» шеберлік байқасады.
Ойындарды «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Aстана» мен «Қайрат» алғашқы турда тең тарқасты.