ҚПЛ: Даниэль Сосаның жалғыз голы «Ақтөбеге» үш ұпай сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІV-турының алғашқы ойын күні өтті.

ҚПЛ: Даниэль Сосаның жалғыз голы «Ақтөбеге» үш ұпай сыйлады
Фото: ҚФФ

Алғашқы ойын күніндегі үшінші кездесуде «Ақтөбе» мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасты.

Ақтөбелік клуб биыл біріншілікті сәтті бастған еді. Дегенмен одан кейін көп ойында жанкүйер көңілінен табыла алған жоқ. Салдарынан турнир кестесінде жағдайын қиындатып алды. Үздік үштікке қол жеткізу мүмкңіндігін жоғалтып алды. Соған қарамастан бүгінгі ойында олар жинақы қимыл көрсетуге тырысты.

Ойын барысында ақтөбелік футболшылар қарсылас командаға жиі шабуыл жасады. Нәтижесінде олардың қатарында Даниэль Соса 8-минутта есеп ашты. 

Айта кетсек, алғашқы ойын күнінде Жезқазғанның «Ұлытауын» өз алаңында «Атырауға» 1:5 есебімен есе жіберсе, астаналық «Жеңіс» Түркістанның «Тұранын» 6:3 есебімен жеңді.

Енді 28 қыркүйекте «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Астана», «Елімай» (Семей) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ 5 қазанда 16:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

Соңғы жаңалықтар