ҚПЛ: «Елімай» алғашқы жеңісін тойлады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Елімай» қызылордалық «Қайсарды» жеңді.

Қазақстандық жанкүйерлер қызылордалық клубтың әрбір ойынына қызығушылық танытып отыр. Өйткені, биыл аталған команда тек қазақстандық футболшыларға сенім артуды жөн деп тапқан.
Есесіне биыл бас жүлдеге қол созуға талпынған «Елімай» қатарына шетелдік және отандық ойыншыларды қосты.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпас маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан қарсыластар гол соға алған жоқ.
Екінші кезеңде семейлік клубтың басымдығы байқалып тұрды. Осындай сәттердің бірінде 62-минутта «Елімай» сапынан Роман Тугарев мергендік танытты. Ал 89-минутта семейлік клубтан Фессу Плакка қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Елімай» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ алғашқы ойын күні «Оқжетпес» «Атыраудан», «Ақтөбе» «Тұраннан» 2:1, «Қайрат» «Ордабасыдан» 4:0 есебімен басым түссе, «Жеңіс» «Тобыл», «Жетісу» мен «Ұлытау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Аталған турды бүгін, 9 наурызда сағат 19:00–де «Қызылжар» (Астана) мен «Астана» кездеуі түйіндейді.
Ал үшінші тур ойындары 29 және 30 наурыз күндеріне белгіленген.