ҚПЛ: «Қайрат» «Ордабасыны» ойсырата жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші турындағы «Қайрат» пен «Ордабасы» кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

футбол
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Кездесу барысында алматылық клубтың белсенділігі байқалды. Алғашқы минуттан шабуылға иек артқан команда жылдам гол соғуға ұмтылды. Дегенмен оған шымкенттік клуб тегеурінді қарсылық көрсетті.

Грузиялық жартылай қорғаушысы Георги Зариа 9, 45-минуттарда мергендік танытса, ойынның 38-минутында алматылық клубтың бразилиялық шабуылшысы Жоао Паоло өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. 

Ал 73-минутта алматылық клубтан Юг Станоев қорытынды есепті белгіледі,

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде жоғары орынға көтерілді.

Сондай-ақ алғашқы ойын күнінде «Оқжетпес» клубы «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түссе, «Жеңіс» «Тобыл», «Жетісу» мен «Ұлытау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ 9 наурызда «Ақтөбе» мен «Тұран» (Түркістан), «Елімай» (Семей) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Астана) мен «Астана» шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар