ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турында алматылық «Қайрат» Түркістанның «Тұранын» ірі есеппен жеңді.

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді
Фото: instagram/f.c.kairat

Алматылық команда өз алаңында өткен ойында тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Негізінен жастарға көңіл бөліп жүрген түркістандық клуб бұл жолы тәжірибелі қарсыласының ығына жығылды.

Ойын барысында алматылық клубтан жақында қатарға қосылған Рикардиньо 30-минутта есеп ашса, Юг Станоев 38-минутта басымдықты арттырды. Одан кейін «Қайраттың» жас футболшысы Рамазан Бағдат 75, 83-минутта гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша алматылық команда қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 36 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Аталған турдағы қалған ойындар 5 және 6 шілде күндері өткізіледі.

Енді 5 шілдеде 18:00–де «Жеңіс» (Астана) пен «Ұлытау» (Жезқазған), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), 20:00–де «Ақтөбе» мен «Атырау», «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» (Қостанай) ойнайды.

Сондай-ақ 6 шілдеде 19:00–де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана», 20:00–де «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Қайсар» (Қызылорда) жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, қазір көш басында 34 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 33, «Ақтөбенің» 29 ұпайы бар.

Соңғы жаңалықтар