ҚПЛ: Көш соңындағы «Каспий» «Астананы» жеңіп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының он екінші турында елордалық «Астана» Ақтаудың «Каспий» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойында елордалық клуб алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 38-минутында Рунар Сигурьонссон есеп ашқан еді. Екінші кезеңнің 75, 75-минуттарда «Каспий» ойыншысы Биллал Себаихи өз командасын алға шығарды.

Бүгін жеңіске жеткен жағдайда «Астана» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартатын еді. Қазір команда 21 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басында 25 ұпаймен «Қайрат» командасы келеді.

«Каспий» бұған дейін небәрі бір жеңіс, бір тең ойыннан кейін төрт ұпай жинап, көш соңында келе жатқан болатын. Енді ақтаулық команда жеті ұпаймен оныншы орынға көтерілді.

Сондай-ақ, бүгін Алматының «Қайраты» Қарағандының «Шахтер» клубымен шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 19.00-де басталады.

Аталған турда 2 қазанда «Қайсар» мен «Оқжетпес», «Ордабасы» мен «Тараз», «Тобыл» мен «Жетісу» командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар