ҚПЛ: «Оқжетпес» командасы 5-орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 11-турында көкшетаулық «Оқжетпес» бесінші орынға көтерілді.

ҚПЛ: «Оқжетпес» командасы 5-орынға көтерілді
Фото: ҚФФ

Маусым басында ешкім көкшетаулық клубты жоғары орыннан көрінеді деп болжам жасаған жоқ еді. Соған қарамастан команда биыл сәтті ойынымен көзге түсіп келеді. Олар соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.

«Оқжетпес» бүгін өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 3:2 еесбімен тізе бүктірді. Кездесу барысында олардың қатарынан Дәурен Жұмат 10, Страхиния Йованович 73, Дамир Марат 89-минутта мергендік танытса, оған Тоқтар Жаңғылышбай 55, Елисей Горшунов 91-минутта екі голмен жауап берді.

Тағы бір кездесуде жезқазғандық «Ұлытау» мен түркістандық «Тұран» шеберлік байқасты. Жезқазғандық клубтан Абзал Таубай 60, Рамазан Абылайхан 73-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Түркістандық командадан Константин Дорофеев 21-минутта гол соқты. Осылайша «Ұлытау» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде жағдайын жақсартты.

Енді бүгін «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) аталған турды түйіндейді.

Сондай-ақ елордалық «Астана» сырт алаңда Семейдің «Елімай» командасын 2:0, Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Атырауды» 5:0 есебімен сүріндірді. Ал астаналық «Жеңіс» пен шымкенттік «Ордабасы» кездесуінде 2:2 есебі тіркелсе, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен жол берді.  

Соңғы жаңалықтар