ҚПЛ: «Оқжетпес» өз алаңында «Қайраттан» минималды есеппен жеңілді
АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған 22-турында «Оқжетпес» пен «Қайрат» командалары кездесті.

Бұл турдағы өзге ойындар 23 және 24 тамыз күндері өтті. Алматылық клубтың Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқанына байланысты кездесу кейінге шегерілген болатын.
Кездесу бастала сала алғашқы минуттан қос команда шабуыл шебіне көбірек көңіл бөлді. Олай болатын жөні бар. «Қайрат» биыл чемпиондық атақты қорғап қалуды алдына мақсат етіп отыр. Ал бірінші лигадан қосылған «Оқжетпес» жоғары көрсеткішімен жанкүйерлерді қуантуды көзейді.
Ойынның 8-минутында Жоржиньо соққан жалғыз гол «Қайратқа» маңызды үш ұпай сыйлады.
23 тамызда Қостанайдың «Тобылы» түркістандық «Тұранды», Семейдің «Елімайы» Петропавлдың «Қызылжарын» 2:0, елордалық «Жеңіс» «Астананы», «Ақтөбе» талдықорғандық «Жетісуды» 3:2, жезқазғандық «Ұлытау» Шымкенттің «Ордабасысын» 2:1 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Қазір турнир кестесінде «Астана» мен «Астана» 20 ойыннан кейін 46 ұпаймен бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп тұр. Үздік үштіктегі «Тобылдың» 20 ойыннан кейін 44 ұпайы бар. Ал, «Ақтөбе» командасы төртінші орында келеді.
Сұрмергендер тізімінде «Астана» сапында Назми Грипши 11 голмен көш бастап келеді.
Енді ел біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі ойындарына байланысты екі аптаға жуық үзіліс жарияланып отыр.
Енді алдағы 23-тур ойындары 13 және 14 қыркүйек күндері өткізіледі.