ҚПЛ: «Оқжетпес» өз алаңында «Жетісуға» жол берді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХ турындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

Биыл доп додасында жанкүйер көңілінен шығатын деңгейде ойын көрсеткен көкшетаулық «Оқжетпес» бұл жолы өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» клубына 1:2 есебімен жол берді.
Нәтижесінде 22 ұпай жинаған талдықорғандық команда турнир кестесінде 22 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді.
Сондай-ақ тағы бір ойында «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қызылжар» (Петропавл) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Дәл қазір «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан) кездесуі өтіп жатыр.
Сондай-ақ 10 тамызда 18:00–де «Елімай» (Семей) мен «Ақтөбе», 20:00–де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) ойнайды.
Аталған турдағы «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» кездесуі 19 қыркүйекке шегерілді. Бұл шешім елордалық клубтың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр.
Алдын ала өткізілген ойында елордалық «Жеңіс» Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен жол берді.
Айта кетсек, қазір көш басында 43 ұпаймен «Қайрат» командасы келеді. Одан кейінгі орындардағы «Астананың» 40, «Тобылдың» 38 ұпайы бар.