ҚПЛ: «Тобыл» бүгін өз алаңында «Астанамен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған ХХ-турының соңғы ойыны өтеді. 

ҚПЛ: «Тобыл» бүгін өз алаңында «Астанамен» кездеседі
Фото: «Тобыл» футбол клубы

Бұл кездесуде «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» шеберлік байқасады.

Екі команда биыл ел біріншілігінде бас жүлдеге үміткер болып отыр. Сондықтан аталған ойыннан жанкүйерлер тартысты бәсеке күтеді. Турнир кестесінде «Астана» 47 ұпаймен екінші орында тұрса, үшінші орындағы «Тобылдың» 44 ұпайы бар. оған қоса қостанайлық клубтың аталған қарсыласынан бір ойыны кем.

Бұл турда 9 мамырда астаналық «Жеңіс» Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен жеңілсе, 9 тамызда Көкшетаудың «Оқжетпесі» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0, Жезқазғанның «Ұлытауы» Петропавлдың «Ертісімен», 9 тамызда «Атырау» Түркістанның «Тұранымен» 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал Семейдің «Елімайы» «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді.

Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 13 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Марин Томасов («Астана»), Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 9 голмен келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында «Қайрат» португалиялық «Спортинг» командасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар