ҚПЛ: «Тобыл» мен «Қайрат» тең ойынға қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының V турында «Тобыл» (Қостанай) - «Қайрат» (Алматы) командалары кездесіп, тең тарқасты.

ҚПЛ: «Тобыл» мен «Қайрат» тең ойынға қанағат білдірді
Фото: Kffleague.kz

Биыл біріншілікті қостанайлық клуб сәтсіз бастады. Алғашқы төрт турдан кейін небәрі 1 ұпаймен турнир кестесінде көш соңында тұр. Есесіне алматылық клуб 10 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.

Кездесу барысында қостанайлық клуб алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Урош Милованович 13-минутта көзге түсті. Оған «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаев 19-минутта бір голмен жауап қайырды.

Тартысқа толы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Енді бүгін 20:00-де «Астана» - «Ордабасы» (Шымкент) жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, бүгін «Атырау» қызылордалық «Қайсардан» 2:0, Семейдің «Елімайы» талдықорғандық «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ 12 сәуірде «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) - «Ұлытау» (Жезқазған), «Қызылжар» (Петропавл) - «Жеңіс» (Астана), «Ақтөбе» - «Каспий» (Ақтау) ойнайды.

Төртінші турдан кейін «Қайрат» 10 ұпаймен көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Елімай», «Ордабасы», «Оқжетпес» командаларының 8 ұпайы бар.

Соңғы жаңалықтар