ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Астанаға» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған ХХ-туры мәресіне жетті.

ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Астанаға» есе жіберді
Фото: «Тобыл» футбол клубы

Бұл ойында «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» шеберлік байқасты. Екі команда биыл ел біріншілігінде бас жүлдеге үміткер болып отыр. Сондықтан аталған ойыннан жанкүйерлер тартысты бәсеке күтті.

Кездесу барысында қостанайлық клуб алдымен екі гол соғып кетті. Ойынның 2-минутында «Тобыл» сапынан Ислам Чесноков есеп ашса, Ахмед Аль-Мессауди 34-минутта мергендік танытты.

Ал 45-минутта елордалық клубтан Джеффри Чинеду гол соқса, Марин Томасов 6, 91-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Тобыл» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберіп, бас жүлдеге таласын қиындатып алды.

Бұл турда 9 мамырда астаналық «Жеңіс» Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен жеңілсе, 9 тамызда Көкшетаудың «Оқжетпесі» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0, Жезқазғанның «Ұлытауы» Петропавлдың «Ертісімен», 9 тамызда «Атырау» Түркістанның «Тұранымен» 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал Семейдің «Елімайы» «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді.

Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 13 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Марин Томасов («Астана») 11, Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 9 голмен келеді.

Соңғы жаңалықтар