ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыны» сүріндірді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған ІХ-турының соңғы ойыны өтті.

ҚПЛ: «Тобыл»
Фото: «Тобыл» футбол клубы

Бұл кездесуде қостанайлық «Тобыл» мен шымкенттік «Ордабасы» шеберлік байқасты.
Қостанайлық клуб биыл бас жүлдеден әлі де үміткер. Сондықтан олар үшін әрбір кездесудің маңызы артып тұр.

Ал «Ордабасы» турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсуді қалайды. 
Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде «Тобыл» сапынан Ислам Чесноков 14-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қостанайлық клуб қарсыласын 1:0 есебімен қапы қалдырды.

Енді аталған екі команда 4 қазанда Қызылордада Қазақстан кубогы финалында кездеседі.
Аталған турдағы өзге ойындар 17 және 18 мамыр күндері өткізілді. 17 мамырда Көкшетаудың «Оқжетпесі» «Ақтөбеге» 1:3 есебімен есе жіберсе, «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) 1:1 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ 18 мамырда Жезқазғанның «Ұлытауы» «Астанаға» 0:2 есебімен жеңілсе, Қызылорданың «Қайсары» түркістандық «Тұранды», Семейдің «Елімайы» алматылық «Қайратты» 1:0 есебімен қапы қалдырды.

Ал «Жеңіс» (Астана) мен «Қызылжар» (Петропавл) 0:0 есебімен тең түсті.

Алдағы тур ойындары 27, 28 қыркүйек және 5 қазан күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар